Домбыраның ноталары

Қазыбек Әбенов

КАЗЫБЕК АБЕНОВҚазыбек Әбенов 1914 жылы Торғай уезіне қарасты Қойдауыл болысында (қазіргі Торғай облысының Жангелдин ауданы) туды. Аталары Баубек үш жүзге аты мәлім бақсы болған. Қазыбек қобыз тартуды атасы Баубектен үйренді.

1937 жылы Алматыда өткен халық өнерпаздарының республикалық слетіне қатысып, қобызшьшар арасында бі- рінші орынды иемденді. 1940 жылдан 1946 жылға дейін Қызыл Армия қатарында болып, Отан соғысына қатысты. Одан кейін Қазыбек Қостанай облыстық филармониясында қобызшы-солист болып қызмет істеді. Ол 1951 жылы халық орындаушьиарының Бүкілодақтық слетіне қатысьш, жүлделі орынға ие болды.

1974 жылға дейін Амангелді аудандық мәдениет үйінің дирек- торы болып қызмет істеді. 1972 жылы оған Қазақ ССР-інің енбек сіңірген мэдениет қызметкері деген атақ берілді. Қазіргі уақытта Қазыбек пенсияда, Арқалық қаласында тұрады.

Қазыбектің орындауында жинаққа «Баубектің сарыны» енгізілді.

А. Райымбергенов, С. Аманова «Күй қайнары», Алматы «Өнер» 1990

Понравилось?! Поделись с друзьями:
Яндекс.Метрика