Домбыраның ноталары

Әбікен Хасенов

Әбікен Хасенов 1897 жылы Қарағанды облысының Шет ауданындағы Ақсу-Аюлы деген жерде (қазіргі «Қызыл ту» колхозы) дүниеге келді. Домбыраны 7—8 жасынан ойнай бастады. Оның алғашқы ұстаздары — туыстары, домбырашылар Мақаш пен Ақмолда өздерімен ілестіріп жүріп, өнер- ге баулыды. Әбікен Арқада аты шыққан Әбді, Баубек, Қыздарбек күйшілермен кездесіп, күй үйренді, олардан бата алды.

Әбікен 1934 жылы Сәкен Сейфуллиннің айтуымен Алматыға шақырылып, қазақ драма театрына орналасты. Ол өмірінің соңына дейін осы театрда актерлік қызмет атқарды. 1945 жылы Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген артисі деген атақ беріліп, «Құрмет Белгісі» орденімен наградталды.

Әбікен — Арқа күйлерін өте шебер орындайтын күйшілердің бірі. Ол орындаған шертпе күйлер мәдениетіміздің алтын қорына айналып, көпшілігі халық аспаптары оркестрі мен жеке орындаушылардың негізгі репертуарына енді.

Әбікеннің репертуарынан жинаққа Тәттімбеттің «Саржайлау» күйі енгізілді.

А. Райымбергенов, С. Аманова «Күй қайнары», Алматы «Өнер» 1990

Список произведений Абикен Хасенова
Азамат Қожа
Айдос
Алшағыр
Бес төре
Бозайғыр
Жәйсары Қосбасар
Зар Қосбасар
Көкейкесті
Қоңыр
Қырмызы Қосбасар
Сарыжайлау
Секіртпе
Сылқылдақ
Сырнайлы Қосбасар
Табалдырық Қосбасар
Понравилось?! Поделись с друзьями:
Яндекс.Метрика