Домбыраның ноталары

Таласбек Әсемқұлов

ТАЛАСБЕК АСЕМКУЛОВТаласбек Әсемқұлов 1955 жылы Семей облысының Аягөз ауданындағы (қазіргі Талдықорған облысының Бөрлітөбе ауданы) Ақтоғай станциясында дүниеге келді. Домбыра тартуды атасы — атақты домбырашы Жүнісбай Сгамбаевтан үйренді. Бертін келе Баганалы, Рақымбек, Атығай тәрізді белгілі домбырашылардан шеберлігін толыстырды. Таласбектің репертуарында Жұмағұл, Байжігіт, Қуандық, Сақбике, т. б. күйші-композиторлардың күйлері сақталған.

Жоғары филологиялық білімі бар. Республикалық халық аспаптары музейінде, кейін «Жазушы» баспасынды қызмет істеген. Қазір Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында істейді.

Таласбектің орындауында жинаққа Байжігіттің «Көкбалақ» күйі енгізілді.

А. Райымбергенов, С. Аманова «Күй қайнары», Алматы «Өнер» 1990

Понравилось?! Поделись с друзьями:
Яндекс.Метрика