Домбыраның ноталары

Жәлекеш Айпақов

ЖАЛЕКЕШ АЙПАКОВЖәлекеш Айпақов 1904 жылы Ақтөбе облысының Шалқар ауданында дүниеге келді. Ол Қазанғап күйлерін орындаушылардың ішінде шоқтығы биік домбырашы еді. Қазанғап күйлерін республика жұртшылығына алғаш рет танытқан Жәлекеш болатын. Ол тек қана Қазанғаптың емес, сонымен қатар Құрманғазы, Дина, Мәмен, т. б. күйшілердің шығармаларын өз мәнерінде шебер орындайтын.

1935 жылы Жәлекеш Алматыға шақыртылып, көп жылдар бойы Қазақ мемлекеттік филармониясыңда домбырашы- солист болып қызмет істеді. Алғаш халық аспаптары оркестрі құрылғанда, оның жұмысына қызу араласып кетті. 1953 жылы ол Ақтөбе облыстық филармониясына қызметке ауысты. Жәлекеш қазақ халық музыкасын насихаттап, жұртшы- лыққа танытуға қосқан үлесі үшін «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен наградтальш, Қазақ ССРінің еңбек сіңірген артисі атағына ие болды. Ол 1967 жылы Ақтөбе қаласында қайтыс болды.

Жәлекештің орындауынан жинаққа Қазанғаптың «Көкіл» күйі енгізілді.

А. Райымбергенов, С. Аманова «Күй қайнары», Алматы «Өнер» 1990

Понравилось?! Поделись с друзьями:
Яндекс.Метрика