Домбыраның ноталары

Айса Шәріпов

Айса ШариповАйса Шәріпов 1933 жылы Ақтөбе облысының Көкжар деген жерінде (қазіргі Ойыл ауданында) туды. Ол домбы- раны 3—4 жасынан үйрене бастаған. Айсаның алғашқы ұстазы әкесі Шәріп болды. Әкесі қайтыс болғаннан кейін Айсаны әкесінің ағасы Нұрақан өз тәрбиесіне алды. Нұра- қан мен Бәтіш жеңгесі Айсаның домбырашылық шеберлі- гінің ұшталуына себепші болды.

1946 жылы 13 жасар Айса Алматыға келіп, қазіргі Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестрінің құрамына қабылданды. Міне, содан күні бүгінге дейін Айса осы оркестрде қызмет істеп келеді.

Айса — Қазанғап, Боғда, Тәттімбет, Сүгір, т. б. күйшілердің орындаушылық ерекшеліктерін сақтай отырып, әрбір күйдің аймақтық ойнау мәнерін бұзбай орындайтын домбырашы. 1984 жылы Айсаға Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген артисі деген құрметті атақ берілді.

Айсаның орындауында жинаққа халықтың «Ел айрылған» және Боғданың «Боғда» атты күйлері енді.

Понравилось?! Поделись с друзьями:
Яндекс.Метрика