Домбыраның ноталары

Бақыт Басығараев

Бахыт БасыгараевБақыт Басығараев 1928 жылы Қызылорда облысының Құланды аулынпа туды. Өз кезінде атағы шыққан Әбдіғали, Жұмалы, Дәулеткелді атты домбырашылардан күйлер үйренді. Қадірәлі Ержанов, Биман Кенжебаев, Шыналы Шопанов, Мұрат Өскенбаев сынды дарынды күйшілер Бақыттың күйшілік шеберлігінің шыңдалуына үлкен әсер етті. Ол, сонымен қатар, Ақтөбе облысының атақты күйші-композиторлары Қазанғап, Боғда, Үсен төренің күйлерін жинауға көп күш жұмсады.

Бақыт еңбекке араласқаннан кейін ауыл совет секретары болды, мұғалімдік қызмет атқарды. Кейіннен Бұхара — Орал газ құбырының құрылысында еңбек етті. Бақыт қазір Ақтөбе облысының Шалқар ауданындағы Бегімбет атты ауылда тұрады, құрметті демалыста.

Бұл жинаққа Бақыттың орындауында «Ноғайлының зары» атты халық күйі және Боғданың «Жем суының тасқыны» күйі енгізілді.

А. Райымбергенов, С. Аманова «Күй қайнары», Алматы «Өнер» 1990

Понравилось?! Поделись с друзьями:
Яндекс.Метрика