Домбыраның ноталары

Балмағамбетов С.

САДУАКАС БАЛМАГАМБЕТОВСәдуақас Балмағамбетов 1941 жылы Ақтөбе облысының Шалқар ауданындағы «Сегізінші Март» колхозында (қазіргі «Сарыбұлақ» совхозында) туды. Алғашқы ұстаздық еткен белгілі күйші Қазанғап шәкірттерінің бірі, өзінің туған нағашысы Матай Қуантайұлы болды. Бертін келе Қадірәлі, Келбет, Жәлекеш, Құрманғали сияқты күйшілерден шеберлігін толыстырды. Әкесі Балмағамбет те белгілі күйші әрі Қазангаптың таңдаулы шәкірттерінің бірі болған.

Сәдуақас 1974 жылы Алматы консерваториясын профессор X. Тастановтың класы бойынша бітіріп, 1978 жылдан бастап осы консерваторияда ұстаздық етіп келеді. Ол шебер орындаушы болумен қатар, өзі де күйлер шығарады.

Сәдуақастың орындауында жинаққа Қазанғаптың «Жұртта қалған» күйі енгізілді.

Понравилось?! Поделись с друзьями:
Яндекс.Метрика