Домбыраның ноталары

Барып қайт, балам, ауылға – Бақтыгереев Т.

Скачать ноты для домбры әні (ани) Барып қайт, балам, ауылға - автор Бақтыгереев Т.

Слушать и скачать Әні Барып қайт, балам, ауылға в исполнении Тұңғышбай Әл-Тарази

1

2

3

Ноталары көшіру

Текст песни БАРЫП ҚАЙТ, БАЛАМ, АУЫЛҒА:

Барып қайт, балам,
Ауылға туған барып қайт.
Шалғынға аунап,
Құмында ойнақ салып қайт.
Өр болып келед біз жақтың азаматтары,
Намысты соның көкірегінде жанып қайт.
Барып қайт,
Барып қайт балам,
Ауылға туған барып қайт.

Белесі, белі,
Жоқ елде, мидай дала да,
Қарама, жаным,
Қалдырмай бәрін арала.
Шомыла барсаң, байқарсың күміс көліне,
Ӏздерім жатқан секілді менің жағада,
Арала,
Арала бәрін орман ба, тау ма, дала ма!

Болад деп қандай
Сұрайтын едің жайлауды.
Сыбағаң үшін,
Бір қозы сонда байлаулы.
Аңқылдап келіп арғымақ тартар ағайын,
Алтынды зерлі
Ер тұрмандары сайлаулы.
Байлаулы!
Кезіңмен өзің қайтарсың көріп жайлауды.

Аулың жайлы,
Қиялын менен елесің
Айналып шынға
Ғажайып күйге енесің
Атаң мен марқұм әжеңнің сонда бейіті
Соға кел, қалқам, елемей кетті-ау демесін
Денесін!
Соға кел қалқам, елемей кетті-ау демесін

Басына барсаң,
Түс ауып кетпей, ерте бар.
Қасыңа, жаным,
Жөн білер біреу ерте бар.
Атымнан менің топырақ таста иіліп,
Әкеңнің осы сағыныш күйін шерте бар.
Шерте бар!
Әкеңнің осы сағыныш күйін шерте бар.

Ертелі-кеші
Қуалай берме ойыңды,
Бір ауық, қарғам,
Арманға жүздір ойыңды.
Көпшілік көзі сынағыш келер мұндай да,
Абайлап басып, түзетіп ұста бойыңды.
Бойыңды!
Абайлап басып, түзетіп ұста бойыңды.

Барып қайт, балам,
Ауылға туған барып қайт.
Шалғынға аунап,
Құмында ойнақ салып қайт.
Біз жақтың қызы, ибалы келед
Ибалы келед, құлыным,
Жарқ етіп, жаным,
Жанарың шоқ боп барып қайт.
Барып қайт!
Барып қайт, балам аулыңа туған, барып қайт.

Тұңғышбай Жаманқұлов

22.11.2013

Понравилось?! Поделись с друзьями:

Еще произведения этого автора

Яндекс.Метрика