Домбыраның ноталары

Науша Бөкейханов

НАУША БОКЕЙХАНОВНауша Бөкейханов 1870 жылы Бөкей хандығына қарасты Шоңай көлі (қазіргі Орал облысының Жәнібек ауданы) деген жерде туды. Ол — Бапастың (Дәулеткерейдің) жиені. Науша Бөкей ордасыньщ атақты домбырашыларының ортасында өсті. Оған Салауат, Мақар, Тұрып сынды дарынды күйшілер ұстаздық етті. Науша Дәулеткерей күйлерін оның ұлы Салауаттың өзінен үйренді. Сондықтан болар, Наушаның репертуарында Дәулеткерейдің 50-ден астам күйлері болған.

Ол 1935 жылы Алматыға келіп, сол кезде құрылып жатқан халық аспаптары оркестрінің іргетасын қалаушылардың бірі болды Наушаның репертуарында тоқсаннан аса күй болатын. Оның репертуарынан алынған ютыз күй Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестрінің алтын қорына айналды. Ол 1944 жылы қайтыс болды.

Жинаққа Наушаньщ репертуарынан Дәулеткерейдің «Құдаша» күйі енді.

Понравилось?! Поделись с друзьями:
Яндекс.Метрика