Домбыраның ноталары

Бозайғыр – Тоқа

Скачать ноты для домбры куй (күй) Бозайғыр - автор Тоқа

Өмірдің және Тоқа шығармашылығының қысқа ғұмырнамасы.

Слушать и скачать mp3 күй Бозайғыр в исполнении Мұхамеджан Тілеуханова

1

2

Ноталары көшіру 1-түрі

1

2

3

Ноталары көшіру 2-түрі

Происхождение кюя Бозайгыр (Бозайғыр)
«Бозайғыр» — жаугершілік заманнан жеткен көп тармақты күй. Аңыз сорабына қарағанда бүл күйдің алғашқы нүсқасын шерткен XVIII ғасырда өмір сүрген Байжігіт күйші. Қалмақ ордасы талқандалғаннан кейін, қалмақтың ең соңғы ханзадасы Галдан-Цереннің үлы Әмірсана азғантай нөкерімен келіп Абылай ханды паналайды. Алайда Ресей мен Қытай сияқты үлы империялар Әмірсананы қайтаруды талап етіп Абылай ханға қайта-қайта хат жазады, елшілер жібереді. Ақырында Абылай хан: «Қарағым, мен енді сені үстап отыра алмаймын. Сені үлкен елдер сүрап отыр. Қолаяғыңды байлап және үстап бере алмаймын. Әкең Қалдан-серіге берген сертім бар еді. Сондықтан, қасыңа жүз нөкер берем, қару-жарақ берем. Жолыңды тап, алдыңнан тәңір жарылқасын. Қолымнан келгені осы» деп ханзаданы шығарып салады. Кейіннен Әмірсана атысып-шабысып жүріп, әйтеуір бір жерде өлді деген хабар жетеді. Сол кезде Абылайдың ордасына Қытайдың үлкен елшілігі келеді. Дастархан үстіндегі дәстүрлі қабылдау кезінде Қытайдың бас елшісі Абылайға қаратып: «Менің Боғды ханым қалмақтың бүлікшіл ханзадасы осы қазақ жерінде өлді деп естіп мені сізге аттандырды. Боғды ханның сізге айтар тілегі, қазақ жеріне жиырма мың Қытайдың әскерін кіргізуге және ол әскерге Ертістің суын сүзіп орман-тоғайды аралап Әмірсананың мүрдесін іздеуге рүқсат етсе екен дейді. Бүған не дейсіз, хан» дейді. Абылай ештеңе демейді, тек бар болғаны «Ас алыңыз, қонақ» дейді. Небір уақыттан кейін өзінің оң тізесін басып отырған Байжігітке қарап әлдебір белгі береді. Байжігіт домбырасын алдына өңгеріп елшіге қарап «Қүрметті елші, қазақта күйдің тарихы деген болады. Мен сізге „Бозайғыр" деген бір күй тартып берейін» дейді. «Баяғыда жау келіп елді шауып, көп жылқыны айдап кетеді. Сонда жылқының қүты — Бозайғыр үйірінен бөліне қашып туған еліне қарай тартады. Жаулар қанша ат ауыстырып мініп қуса да Бозайғыр қара шалдырмай кетеді. Сонда Бозайғыр туған елінің өртелген жүртына келіп, артқы аяғын қағынып, күңіреніп түрғаны екен» деп бір күркіретіп тамаша күй тартады. Ертеңіне Қытайдың елшісі ханның қабылдауына қайта келеді. Мәжіліс үстінде «Ал, хан, біздің кешегі тілегімізге не айтасыз мен өзімнің әміршіме не жауап айтып барайын» дейді. Абылай хан жайбарақат қана «Жауабы кеше берілді емес пе?» дейді. Сырын терең сақтайтын, бет әлпетінен ештеңе біліне қоймайтын қытай елшісі қүрметпен бас иеді де шығып жүре береді. Енді хикаяның екінші тармағы Қытайдың Боғдыханының сарайында өтеді. Қазақ ордасынан қайтып келген елші болған жайдың барлығын баяндайды да, ең соңында «Қазақ ханы неге екенін білмеймін, сіздің тілегіңізге жауап қайтармады. Жауап кеше берілді деп қоя берді» дейді. Қазақ ордасының жайжапсарына әміршілерінің бедел-салмағына, қазақтың әдетғүрпына қанық Боғды хан елшіге «Қабылдау кезінде қандай билер мен сүлтандар болды, кім қай жерде отырды, табақтың тартылу реті қалай болды» деп сүрайды. Елші болған жайдың бәрін тәптіштеп айтып береді. Богдыхан ойланып отырып «Дастархан басында күй тартылды ма» дейді. «Я, тартылды» дейді елші. «Нендей күй, кім тартты,, хикаясы қандай?» дейді Богдыхан. Елші «күйдің аты Бозайғыр» екен. Хикаясы пәлен-пәлен екен. Күйді тартқан адам Абылай ханның уәзірі Байжігіт мырза дейді. Богдыхан біраз уақыт мүлгіп ойланып қалады. Ақырында «Дүрыс, Абылайдың жауабын мен түсіндім. Оның айтпағы Әмірсананы іздеген болып ел ішіне әскер кіргізесің. Әскерің орнығып қала салады. Бүл болмайтын нәрсе. Басқаны бағындырсаң да Бозайғыр сияқты асау қазақты бағындыра алмайсың деген екен» дейді.

16.04.2013

Понравилось?! Поделись с друзьями:
Яндекс.Метрика