Домбыраның ноталары

Былқылдақ – Тәттімбет

Скачать ноты для домбры куй Былқылдақ - автор Тәттімбет

Өмірдің және Тәттімбет шығармашылығының қысқа ғұмырнамасы.

1

Ноталары көшіру

Происхождение кюя Былқылдақ
Бүл күйді алғаш жеткізген Әбікен Хасенов. Академик А. Жүбановтың нотаға түсіруі бойынша жинаққа енгізіліп отыр. «Былқылдақ» күйі жөнінде айтылатын екі түрлі әңгімені қатар назарларыңызға үсынамыз.
Тәттімбет өмір сүрген өңірде Былқылдақ деп аталатын саздауытты жайлау бар. Күйші бүл күйін сол жерге байланысты шығарса керек. Оның сазынан, күйден мөлдіреп аққан бүлақтың сылдырын, желмен тербелген шөп сыбдырын, тоғайда ән салған қүстардың даусын естігендей боласыз. (У. Бекенов. «Сарыжайлау» 7-бет.).
Тәттімбеттің «Былқылдақ» күйін алғаш нотаға түсірген А.В. Затаевич осы күй жөніндегі анықтамасында: «Аса қызықты, ойнақы күй. Ерекшелігі жалғыз дауыстылығында. Орта шенінде біртіндеп көтеріледі де, одан кейін төмен қарай жылжиды. Одан әрі үшы-қиырсыз лентадай созылады. Толқын атқан жігерлі мелодиясы бар» — деп жазды. Композитор Е.Г. Брусиловский өзінің опералық шығармасында бүл күйді қазақ биіне пайдаланды. «Былқылдақ» күйі музыкалық оқу орындарында қобызда орындалатын бағдарламаға енгізілген. (Затаевич А.В. Қазақтың 500 ән-күйі. Алматы, 1931, 286-бет, 306- ескерту.)
«Былқылдақ» күйі жөнінде тағы бір дерек А. Жүбановтың «Ғасырлар пернесі» еңбегінде айтылады.
Тәттімбет Есілдің бойында келе жатып бір үйге түседі. Оның естуінше сол үйдің бойжеткен домбыра тартатын қызы болса керек. Өнер иелерінің эр кезде өзіндей адамдарды іздейтін әдеті ғой. Тәттімбет те осы мақсатпен сол қыздың тартысын өз көзімен бір көргісі келеді. Сәлем беріп, үйге кіргенсін әдетше аман-саулық сүралып, жолаушының аты-жөні анықталмай түрып, қонақ керегенің басында ілулі түрған үкілі домбыраны көріп, үй иелерінен алып беруін сүрайды. Бай мен бәйбіше біріне-бірі қарап аз кідіріп қонақтың қүрметіне алып береді. Тәттімбет домбыраның қүлақ күйін өзінше өзгертіп, бірнеше күй тартады. Сол кезде даладан кіріп келген бойжеткен, Тәттімбеттің қолынан домбырасын алып, «мені кім деп едіңіз, сізден сасатын» — дегендей күй тартады. Домбыра Тәттімбеттің қолына қайтадан тиеді. Енді қонақ күй тартуға айналғанда бай-бәйбіше «әңгіменің» үзаққа созылуға айналғанын көріп, далаға шығып кетеді. Қонақ күйші мен домбырашы қыз енді кезек-кезек көптеген күй тартады. Баста қызды балғын көрген Тәттімбет, оның күйге күймен жауап беруіне қарай, іштей сескенуге айналады. Қыз қырқыншы күйді шалғаннан кейін
Тәттімбет етігін шешіп, бір күйді оң аяғының үлкен башпайымен тартады. Қыз Тәттімбеттің істегенін істей алмайды. Өйткені ислам дінінің бүйыруы бойынша әйел адам қолдың үшы болмаса басқа ешбір денесін көрсетуге хақы жоқ. Осы бір дін заңының тармақтарын басып өте алмай, діңкесі қүрып, қыз жеңіледі. Тәттімбетті қонақ етіп, енді келіп оның аты-жөнін сүрап біліп, тағы бірнеше күн үйінде жатқызып, сыйлықпен жөнелтеді. Сондағы Тәттімбеттің тартқан күйі «Былқылдақ» екен дейді. (А. Жүбанов. «Ғасырлар пернесі». Алматы, 1975, 195-196-66.).

16.04.2013

Понравилось?! Поделись с друзьями:
Яндекс.Метрика