Домбыраның ноталары

Дабыл Ажақаев

ДАБЫЛ АЖАКАЕВДабыл Ажақаев 1925 жылы қазіргі Жамбыл облысының Сарысу ауданында дүниеге келді. Домбыраны тоғыз жасынан бастап ойнай бастаған. Оның алғашқы ұстазы болған әкесінің туған інісі Нақып Сенбин еді. Нақып — Сарысу өңіріндегі көптеген күйшілермен кездесіп, атақты күйші Сүгірмен досжар болған өнерлі жан. Дабыл көптеген облыстық және республикалық байқауларға қатысып, жеңімпаз атанған. Ол шертпе және төкпе күйлерді де бірдей шеберлікпен тартады. Алайда, Арқа дәстүрінің күйлерін, соның ішінде Тәттімбет пен Сүгір күйлерін аса шебер орындайды. Дабыл — соғыс және еңбек ардагері, Жамбыл облысының Сарысу ауданындағы «Байқадам» совхозында тұрады.

Дабылдың орындауында жинаққа Сүгірдің «Майда қоңыр» атты күйі енді.

А. Райымбергенов, С. Аманова «Күй қайнары», Алматы «Өнер» 1990

Понравилось?! Поделись с друзьями:
Яндекс.Метрика