Домбыраның ноталары

Дәулет Мықтыбаев

ДАУЛЕТ МЫКТЫБАЕВДәулет Мықтыбаев 1904 жылы Ақмола уезіне қарасты (қазіргі Целиноград облысы) Қорғалжын ауданында дүниеге келді. Оған алғаш ұстаздық еткен өзінің ағайыны — ЬІқыластың баласы Түсіпбек болды. Дәулет Түсіпбектен Ықыластың, Қорқыттың және халық күйлерінің біразын үйренді. Бертін келе Ықыластың шәкірттерінің бірі Әбікейден дәріс алып, шеберлігін ұштай түсті.

Дәулет 1934 жылы Алматыда өткен өнерпаздардың республикалық алғашқы слетіне қатысып, асқан шеберлік көрсетіп, жұртшылықтың назарына ілінді. Ол 1937 жылы Алматыға шақыртылып, республикалық филармонияға жұмысқа қабылданды. 1941 жылы Отан қорғауға майданға аттанды. 1945 жылы майданнан оралғаннан кейін Дәулет қызметін «Қазақконцертте» жалғастырды. Ол 1970 жылдан бастап Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясында қылқобыздан сабақ беріп, жастарға өз өнерін үйретті. 1976 жылы қайтыс болды.

Дәулеттің орындауында жинаққа Қорқыттың «Қорқыт», Ықыластың «Ерден», «Аққу» атты халық күйі және «Көзбеннің сарыны» енді.

А. Райымбергенов, С. Аманова «Күй қайнары», Алматы «Өнер» 1990

Понравилось?! Поделись с друзьями:
Яндекс.Метрика