Домбыраның ноталары

Сағынтай Елепанов

Сағынтай Елепанов 1897 жылы қазіргі Жамбыл облысының Сарысу өңірінде дүниеге келді. Кішкентайынан атақты күйші Ықыластың күйлерін тыңдап, қобызға құмартып өсті. Алғашқы ұстазы — атақты күйші Көзбенбет (ел ішінде Көзімбет деп те аталған). Бертін келе белгілі күйші Әбікейден дәріс алды.

Сағынтай 1934 жылы республикалық халық өнерпазда- рының слетіне қатысып, жүлдеге ие болды. Астанада ұйымдастырылып жатқан халық аспаптары оркестріне қызметке шақырылды. Алайда, Сағынтай семья жағдайына байланысты Алматыда қала алмай, еліне қайтады. Ел ішінде Сағынтайдың өнерін аса жоғары бағалап, көптеген күйшілер оның алдынан өтіп, батасын алған. Солардың ішінде атақты күйшілер Дәулет Мықтыбаев, Жаппас Қаламбаевтар да бар. Сағынтай 1975 жылы дүние салды.

Жинаққа Сағынтайдың орындауынан Ықыластың «Жезкиік» және «Қазан» (II түрі) күйлері енгізілді.

Понравилось?! Поделись с друзьями:
Яндекс.Метрика