Домбыраның ноталары

Ерден – Ықылас

Көшіру ноталары үшін кобыз күй Ерден, автор Ықылас.

Өмірдің және Ықылас шығармашылығының қысқа ғұмырнамасы.

Ықыластың туған елі — Тама әкімшілік тұрғысынан ол кезде Ақмола уезіне бағынатын. Ояз бастығы, басқаша айтқанда, «дуан басы» Ерден деген біреу болады... Бір күні Тама руының өкілі жинаған алым-салыққа місе тұтпаған Ерден Арғындармен шектес отырган Тамалардың жылқысын қуып әкелуге өз шабармандарын жұмсайды... Ашуга булыққан Ықылас жаяу болса да Ақмолага барып, «дуан басына» өз көзімен көрген атшабарман әділетсіздігін айтуга бел буады.

Жолда, Ақмолага жақындаганда, Ықылас Ерденнің сүйікті ұлы Айменденің өліп, оның ауыр қазага ұшырағанын, Ерденнің кеңсесінде сирек болатынын естиді. қобызын қысып, Ықылас Ерденнің үйіне келеді. Алдынан қарсы шыққын Ерденнің малайы «дуан басының» үйде екенін, баксыны қабылдауга құштар екенін айтады. Басын төмен түсіріп Ықылас төр үйге кіреді. Қайғысына ортақтасқандай болып, ол қысқаша дұга оқиды да, өзінің қобызын ала салып, қайғылы-қазалы күйін ойнай бастайды. Күйдің сарынына шыдай алмаган Ерден мен оның үй іші ұзақ жыласады. Қайталап тағы және тагы ойна дегендей, Ерден Ықыласқа басын изеп белгі береді. Көңілі толган Ерден Ықыласқа жақсылап конағасысын беріп, кетерінде: «Қандай өтінішің бар еді?»— деп сұрайды. «Менің бір ғана өтінішім бар, егер мүмкіндігі болса, Тама руының жылқысын қайтарып беруіңізді сүраймын, —  дейді Ықылас. Ерден бұл өтінішін орындайтынына уәде береді, Ықыластың тагы бірнеше күн үйінде жатып, қобыз ойнап, үй ішінің қөңілін аулауын өтінеді. Ерденнің ұлы Айменде өліміне арнап шыгарган Ықыластың күйі халық арасында «Ерден» атанып, тарап кеткен.

А. Жүбанов. Ғасырлар пернесі. Алматы, 1975, 260—261- беттер.

Ерден 1 Ерден 2

 Ноталары көшіру

04.04.2015

Понравилось?! Поделись с друзьями:

Еще произведения этого автора

Яндекс.Метрика