Домбыраның ноталары

Омар Қаймолдин

ОМАР ХАЙМУЛЬДИНОмар Қаймолдин 1910 жылы қазіргі Семей облысының Шұбартау ауданында туды. Домбыра тартуды мамандық етпесе де, жан азығы еткен. Репертуарында қалың көпшілікке белгісіз күйлер көп. Әсіресе, Байжігіт күйлерін көп тартады.

Алғашқы ұстазы — әкесі Қаймолда. Үлкен атасы Шонтай да белгілі күйші болған. Әкесінен күйлер үйренумен қатар, Рәмилә, Рақыш, Ысқақ, Оразай сияқты ел ішіндегі белгілі күйшілерден шеберлігін толыстырған. Әсіресе, үлкен ризашылықпен еске алатын ұстаздары—1922 жылы 117-ге келіп қайтыс болған Бодау жырау мен медреседе сабақ берген Өтелбай Кәрімұлы. Ол қазір республикалық халық аспаптары музейінің ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты.

Жинаққа Омардың орындауынан Байжігіттің «Қосбасқан» күйі енгізілді.

А. Райымбергенов, С. Аманова «Күй қайнары», Алматы «Өнер» 1990

Понравилось?! Поделись с друзьями:
Яндекс.Метрика