Домбыраның ноталары

Қазақ қызы – Тайманов Р.

Скачать ноты для домбры әні (ани) Қазақ қызы - автор Тайманов Р.

Слушать и скачать Әні Қазақ қызы в исполнении Жанар Айжановой, Мырзағали Берденова

1

Ноталары көшіру

Текст песни Қазақ қызы:

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
Қыз өссе-елдің көркі-деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

Намысын бермеу үшін жатқа қолдан,
Арулар аз болды ма атқа қонған.
Көңілде қалған сыз бар өткен күннен,
Өмірде қалған із бар Ақтабаннан.

Жасырмай айтар болсам жан сырымды,
Тағдырың қарауылға қанша ілінді.
Ерліктің қос қанаты деп білем мен,
Аяулы Әлия мен Мәншүгімді.

Сүймеген сені азамат, азамат па?
Көңілің тәрізді аппақ таза мақта.
Бәрін айт, бірін айтта лайықсың,
Қазақтың қызы деген ғажап атқа.

Жанар Айжанова, Айжұлдыз Адайбекова

20.11.2013

Понравилось?! Поделись с друзьями:

Еще произведения этого автора

Яндекс.Метрика