Домбыраның ноталары

Көкейкесті – Тәттімбет

Скачать ноты для домбры куй Көкейкесті - автор Тәттімбет

Өмірдің және Тәттімбет шығармашылығының қысқа ғұмырнамасы.

Слушать и скачать mp3 куй Көкейкесті в исполнении: Әбікен Хасенова, Айгүл Үлкенбаевой

1

2

Ноталары көшіру

Происхождение кюя Көкейкесті
Бүл күйді бізге орындап жеткізуші Әбікен Хасенов.
«Көкейкесті» күйінің шығу тарихы былайша баяндалады:
Тәттімбет өмірінің соңғы жылдары болса керек. Бірде күйші қатты науқастанып қалады. Сонда күйші бастан кешкен өмірін еске алып, халқының алдында өтелген-өтелмеген парызын ой таразысына салады да, өзінен өзі мүңға батады: «Көкейде жүрген арманымды толғай алмай кететін болдым-ау», — деп ширығады, жанарына ыстық жас үйіріледі. Мүңдас-сырлас досжарандарының хал-жайын ойлайды. Сөйтіп толғанып жатқанда елдің бір азаматы келіп көңілін сүрайды. Күйшінің бойын басқан мүң сейіледі. Келген кісілер күйшінің көңілін сертпілткісі келеді. Тәттімбет күйлерінің ел арасына кең таралғанын, мүрагер шәкірттерінің көбейіп келе жатқанын әңгімеге арқау етеді. Бірақ Тәттімбет өз арманының әлі орындалмағанын ойлап, іштей мазаланады. Осы түста күй толғағысы келіп домбырасына қол созады. Отырғандар жүкке сүйеулі түрған қоңыр домбырасын қолына үстатады. Тәттімбет жастығын биіктетіп, домбырасын кеудесіне сүйеп, шалқалап жатып, сыры терең толғанысты бір күй тартады. Күңіренген күй әуені отырғандардың сай-сүйегін сырқыратады.
— Бүл күйіңізді жаңа естіп отырмыз. Қандай күй болды екен? — деп сүрайды. Сонда Тәттімбет:
— «Көкейкесті» болсын, — деген екен. (У. Бекенов).
«Көкейкесті» — күйші шығармашылығында ерекше орын алатын, шоқтығы биік туындылардың бірі.
Абайдың:
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді Тыңдағанда көңілдің өсері бар, — дегенді осы «Көкейкесті» күйіне айтқандай. («Сарыжайлау», 10-11.)

16.04.2013

Понравилось?! Поделись с друзьями:
Яндекс.Метрика