Домбыраның ноталары

Қосбасар – Тәттімбет

Скачать ноты для домбры куй Қосбасар - автор Тәттімбет

Өмірдің және Тәттімбет шығармашылығының қысқа ғұмырнамасы.

1

2

Ноталары көшіру

Происхождение кюя Косбасар (Қосбасар)
Арғында өзінің кісілігімен, ізгілігімен, жомарттығымен аты шыққан Күшікбай деген бай болыптымыс. Күндердің күнінде Күшікбайдың мүрагері — жалғыз үлы кенеттен қайтыс болады. Қатты күйінген Күшікбай «бүл Қүдайға не жаздым, өмірімде ешкімге қиянат қылмадым, ешкімнің ала жібін аттамадым. Өмір бойы жетім мен жесір, қаріп пен қасерге көмектескеннен басқа не істедім. Қай қылығымнан таптым. Қой, Қүдайда шындық жоқ екен. Одан да өлейін», — дейді. Алдымен у ішпек болады. Ауыл адамдары удың бәрін тығып тастайды. Содан кейін ауылдағы пышақ, темір біткеннін бәрін, тіпті Күшікбайдың бәкісін де тығып тастайды. Бүны көрген Күшікбай «мен ендеше аштан өлемін» деп теріс қарап жатып алады. Көп күн өтеді. Күшікбай нәрінен арылып, қатыпсеме бастайды. Абыржыған жүрт «апырау, не істедік, мына кісі шынында да өлер болды ғой, бүны қайтіп орнынан түрғызамыз, қайтіп сейілтеміз», — дейді. Сонда басқалардан ақылдылау, өрлеу бір адам, «бүны бір түрғызса Қазанғаптың Тәттімбеті ғана түрғыза алады», — дейді. Сонымен қос аттап кісі шаптырып Тәттімбетті алдырады. Күйші киіз үйдің табалдырығына келіп бір тізерлеп отырып күй тартады, жылжып ішке кіреді. Домбыраның көмейінен үздіксіз төгілген күй акырында Күшікбайдың тас болып катқан жүрегін жібітеді, кірлеген көңілін тазалайды. Өз бетімен ажалға мойынсүнған адамды Тәт¬тімбет осылайша түлеткен екен.
Домбырашы, музыка зерттеушісі Т.Әсемқүловтың айтысына қарағанда алпыс екі тармактан түратын Тәттімбеттің бүл күйі алты топка бөлінетін болған:
1. Табалдырық Қосбасар;
2. Зар Қосбасар;
3. Жәйсары Қосбасар;
4. Сейіл Қосбасар;
5. Сыр- найлы Қосбасар;
6. Қырмызы Қосбасар.
62 тар- мақтан түратын бүл күй тобы адамның қай- ғысына ортақтасу, жүбату ыңғайында келеді.
Бүл хикаяның кең тарағандығын көрсететін деректі біз «Баян — Өлгий қазақтарының дом- быра және сыбызғы күйлері» жинағынан тап- тық. Ойымызша, Тәттімбет, қазақ сахарасында ежелде-н айтылып келе жатқан хикаяның бір нүсқасын алып оны күймен сомдап, көркемдеп шығарған.

16.04.2013

Понравилось?! Поделись с друзьями:
Яндекс.Метрика