Домбыраның ноталары

Кәлек Құмақайұлы

КАЛЕК КУМАКАЙ-УЛЫКәлек Құмақайұлы 1932 жылы Мәнғол Халық Республикасына қарасты Алтай өлкесінің Түргэн деген жерінде туды. Кәлектің әкесі Құмақай, арғы атасы Делдал аты аңызға айналған атақты сыбызғышылар болған. Ата жолын қуған Кәлек сегіз жасынан бастап сыбызғыда ойнай бастаған. 1958 жылы аймақтық мәдениет бөлімінің ұйғаруы бойынша драма театрға шақырылды. Содан бері осы театрда қызмет істеп келеді.

Кәлектің репертуарында 150-ден астам халық күйлері бар. 1967 жылы белгілі өнер зерттеушісі Болат Сарыбаев Таулы Алтай облысының Қош-Ағаш ауданында болған кезінде Кәлекпен кездесіп, күйлер жазып алған, өз коллекциясын алты сыбызғымен толықтырған. Кәлек халық күйлерін орын- даумен қатар өзі де күйлер шығарады. Оның «Бақыт құшағында», «Жайма-шуақ», «Алыстағы арман» Күйлері — өзіндік өрнегі бар шығармалар.

Кәлектің орындауында жинаққа «Бөкен жарғақ», «Бегім бер», «Тепеңкөк», «Хан жұбату», «Жорға аю» атты халық күйлері енгізілді.

А. Райымбергенов, С. Аманова «Күй қайнары», Алматы «Өнер» 1990

Понравилось?! Поделись с друзьями:
Яндекс.Метрика