Домбыраның ноталары

Мағауия Хамзин

МАГАУИЯ ХАМЗИНМағауия Хамзин 1927 жьшы Жезқазған облысының Ақтоғай ауданында дүниеге келді. Атақты Әшімтай күйші — Мағауияның үлкен атасы. Домбыраны 5 жасынан бастап тартқан оның алғашқы ұстазы әкесі Хамза болды. Сол өңірдегі Аққыз, Сатан, Тәңірберген Бітімбаев сияқты дарынды күйшілерден Мағауия шеберлігін ұштады.

Мағауия — шертпе күйлердің шебер орындаушысы, оның репертуарында Тәттімбет, Тоқа, Дайрабай, Әбді, Аққыз - дың көптеген күйлері бар. Мағауияньщ өмірі өнермен тығыз байланысты. 1944 жылы Қарағанды облыстық филармониясында қызмет істеп, одан кейін Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестріне қабьшданды. 1961 жьидан бастап «Қазақконцертте» домбырашы-солист болып істеді. Қазір Мағауия құрметті демалыста болғанына қарамастан эстрада және цирк студиясында шертпе күй класынан сабақ бе- ріп, шәкірттер дайындап жүр.

Мағауияның орындауында жинаққа Тәттімбеттің «Бес төре» күйі енді.

А. Райымбергенов, С. Аманова «Күй қайнары», Алматы «Өнер» 1990

Понравилось?! Поделись с друзьями:
Яндекс.Метрика