Домбыраның ноталары

Төлеген Момбеков

ТОЛЕГЕН МОМБЕКОВТөлеген Момбеков 1922 жылы Шымкент облысының Созақ ауданындағы «Сызған» совхозына қарасты Қозымолдақ дейтін жерде туды. Домбыраны жастайынан тартқан. Алғашқы ұстазы — туысқаны, атақты күйші Бапыш. Домбырашылық өнер Төлегеннің үрім-бұтағына дарыған. ¥лы әкесі Назар шешен әрі жырау болған. Әкесі Момбек те өнерден құр алақан болмаған. Төлеген 1941 жьиы ¥лы Отан соғысына қатысып, 1942 жылы ауыр жараланып еліне оралды.

Төлеген — шертпе күйді шебер орындайтын шоқтығы биік домбырашы. Ол Сүгір, Бапыш, Әлшекей күйлерін асқан шеберлікпен орындайды. Оның орындауындағы күйлер бірнеше күйтабақ болып жарық көрді. Сонымен қатар, Төлегеннің өзі де күйші-композитор. Оған 1971 жылы Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері деген құрметті атақ берілді. Қазір Төлеген «Сызған» совхозында автоклуб меңгерушісі болып қызмет істейді.

Жинаққа Төлегеннің репертуарынан Сүгірдің «Кертолғау» күйі енгізілді.

«Күй қайнары», Алматы «Өнер» 1990

Понравилось?! Поделись с друзьями:
Яндекс.Метрика