Домбыраның ноталары

Мұхит Битенов

МУХИТ БИТЕНОВМұхит Битенов 1912 жылы Орал облысының Жәнібек ауданындағы Қамысты аулында туды. Домбыраны бала кезінен тартқан. Оның домбырашылық өнерінің шыңдалуына туысқаны — дарынды күйші Дүйсенғалидың ықпалы көп болды.

Мұхит 1941 жылы ¥лы Отан соғысына аттанып, 1945 жылы оралғанда үш баласының бірдей қайтыс болғанын естіп, қатты қайғырып «Үш балам» атты жоқтау күйін шығарды. Соғыстан кейін Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданындағы «Ортау» совхозында тұрды.

Мұхиттың репертуары өте бай болатын. Ол көптеген халық күйлерін орындаумен қатар Құрманғазы, Соқыр Есжан, Түркеш, Әкібас, Ыбырай, т. б. күйші-композиторлардың күйлерін жақсы тартатын. Орындаушылық өнерімен қатар Мұхит өз жанынан да көптеген күйлер шығарған. Ол 1983 жылы қайтыс болды.

Мұхиттың орындауында жинаққа Сейтектің «Сексен ер» атты күйі енгізілді.

Понравилось?! Поделись с друзьями:
Яндекс.Метрика