Домбыраның ноталары

Мұрат Өскенбаев

МУРАТ УСКЕНБАЕВМұрат Өскенбаев 1904 жылы Маңғыстау облысының Ералиев ауданындағы Жетібай құдығы деп аталатын жерде дүниеге келді. Әкесі Өскенбай Маңғыстау өңіріне аты әйгілі ақын әрі күйші болған. Мұрат — Маңғыстау дәстүрінің күйшісі. Ол Абыл, Есір, Естай, Құлшар, Қашаған, Сәуелбай, Арал, Досат, Тастемір, Жылгелді, Сәттіғұл сияқты халық композиторлары мен ақын-жыраулардың өнерін халық арасында насихаттады. Оның репертуарында үш жүзден астам күйлер бар еді. Сонымен қатар, Мұраттың өзі де күйлер шығарған. Оның отызға жақын күйлері бар.

20 жасынан бастап балық аулау кәсіпшілігінде жұмыс істеді. 1934 жылы Түркіменстандағы Қарабұғаз халық те- атрына жұмысқа ауысты. 1944 жылы Красноводск қаласындағы қазақ ансамблінде қызмет істеп, 1954 жылы академик Ахмет Жұбановтың шақыруымен Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы филармонияға қызметке алынды. Демалысқа шыққаннан кейін туған өлкесі Маңғыстауға оралды. Ол 1982 жылы қайтыс болды.

Мұраттың орындауында жинаққа «Ақсақ құлан» атты аңыз-күй енгізілді.

Понравилось?! Поделись с друзьями:
Яндекс.Метрика