Домбыраның ноталары

Мүйімсат Оңғаров

МУЙИМСАТ ОНГАРОВМүйімсат Оңғаров 1912 жылы Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданындағы қазіргі «Ақшымрау» совхозында дүниеге келді. Мүйімсат — сыбызғышылар әулетінің жетінші буыны (Дәулетәлі — Құлбарақ — Ахмет — Қожыр — Байнияз — Оңғар—Мүйімсат). Мүйімсаттың сыбызғышылық өнерінің шыңдалуына үлкен әсер еткен ағасы Бауыржан болды. Мүйімсаттың репертуарында сирек естілетін көптеген күйлер сақталған.

Мүйімсат 20 жасынан бастап балықшылық кәсібінде, кейін Таушықтағы көмір шахтасында жұмыс істеді. ¥лы Отан соғысына қатысып, майданнан оралғаннан кейін қой шаруашылығымен айналысып, 1975 жылы демалысқа шықты. Қазір Маңғыстау ауданындағы «Шетпе» совхозында тұрады.

Жинаққа Мүйімсаттың орындауынан «Қызылқан» және «Жүндібайдың сазы» атты халық күйлері енгізілді.

А. Райымбергенов, С. Аманова «Күй қайнары», Алматы «Өнер» 1990

Понравилось?! Поделись с друзьями:
Яндекс.Метрика