Домбыраның ноталары

Оразғали Сүйімбеков

ОРАЗГАЛИ СУИМБЕКОВОразғали Сүйімбеков 1889 жылы Батыс Қазақстан облысындағы (қазіргі Орал облысы) Тайпақ ауданының Әлтеке төбе деген жерінде туды. Алғаш күй үйреткен — әкесі Сүйімбек. Ол Құрманғазыны жақсы біліп, күйлерін тыңдаған, сонымен қатар ел күйшілерімен араласып тұрған. Атақты Тазбала (шын аты Еспай), Арыстан күйшілер Сүйімбектің үйінде жиі болып, Оразғалиға күй үйретіп, домбырашылық өнердің қыр-сырына қандырды. Оразғали он жасында домбырашы әрі биші бала атанса, он бесінде күйші деген атаққа жетті.

Оразғали Октябрь революциясынан кейін колхозшы болып жұмыс істеп, 1955 жылы демалысқа шықты. 1958 жьшы Алматыға келіп, Ахмет Жұбановқа жолығып, көптеген деректер берді, күйлерін таспаға жаздырып кетті. Оразғали көптеген күйлерді орындаумен қатар өзі де күйлер шығарған. Ол 1960 жылы қайтыс болды.

Оразғалидің орындауынан жинақка Махамбеттің «Қайран Нарын» және «Жұмыр, Қылыш» атты күйлері енді.

Понравилось?! Поделись с друзьями:
Яндекс.Метрика