Домбыраның ноталары

Сарыжайлау – Тоқа

Скачать ноты для домбры куй (күй) Сарыжайлау - автор Тоқа

Өмірдің және Тоқа шығармашылығының қысқа ғұмырнамасы.

Слушать и скачать mp3 куй Сарыжайлау в исполнении Мағауия Хамзина

1

2

Ноталары көшіру 1-түрі

1

2

Ноталары көшіру 2-түрі

Происхождение кюя Сарыжайлау
Бүл күйді орындаушы Мағауия Хамзин.
Тоқаның «Сарыжайлауының» дүниеге келуіне қатысты ел ішінде екіүш түрлі әңгіме айтылады.
Біріншісі, қырғыз манабы Шәбденнің асымен байланысты әңгіме. Алатаудың қазақ-қырғыз болып тең жайлаған апайтөс алқымында Шәбденнің әйдіңгер асы беріліп, оған қазақтың жеті уезінен игі жақсылар шақырылады. Арқаның Ақтау дуанынан Сайдалы Сары Тоқа бастаған бір топ адам келеді. Тоқа қүр қол келмейді, Шәбденнің асының жөн-жоралғысы деп елу меңсіз қара жылқы айдап келеді. Бүған қоса әнші-күйшісін, сүңғыла шежірешісін, жауырыны жер иіскемес балуанын, үкілеген бәйге атын, қысқасы, тамақсау мешкейіне дейін жанына ертеді. Содан Алатауды теңселткендей айтулы ас беріледі. Аста Тоқаның Тайқасқа деген аты аламан бәйгеден бірінші келіп, Бақа деген балуаны белдескенін жығып, өзі қырғыз-қазақ домбырашыларын аузына қаратып, үш бірдей жеңіске ие болады. Сол жеңістердің жүлдесі ретінде мың сом ақша, үкілеп кілем жабылған жеті арғымақ, жеті тай-түяқ алтын Тоқаның алдына тартылады. Сонда Тоқа: «Бүл дүние мені пейішке енгізер деймісің, салдым ошаққа, жеті уезд елінің басы бүйтіп күнде қосыла бермес, қылдай етіп бөліп беріңдер!» — деген екен.
Содан, Шәбденнің асы тарқап, абыройы аспандаған Тоқа серіктерімен елге қайтып келе жатқанда: «О, шіркін, біздің Арқа елі осы кезде бой жазып, жайлауға шашырап қонып жатырау!» — деп, туған жеріне деген сағыныш сазындай бір күйді ат үстінде шертеді. Тоқаның әйгілі «Сарыжайлауы» осылай шығып еді дейді, ел ішіндегі әңгіменің бір парасы. Бүл дерек бойын¬ша «Сарыжайлау» күйінің алғашқы тыңцаушылары Жетісу жүрты болған.
Тоқа «Сарыжайлауының» дүниеге келуіне қатысты айтылатын әңгіменің екіншісі, сол кездің сіңірлі байлары көп жыл бойы Тоқаның өкшесіне түс.іп жүріп, ақыры малдың күшімен үлықтардың аузын алады да, екі жылға жер аударыпты дейді. Осы сапардан Тоқа көп қиыншылық көріп, еліне жүдеп-жадап қайта оралғанда «Сарыжайлау» күйін тартып қайтқан екен дейді.
Бүл күйдің шығуына себепші деп айтылатын үшінші әңгіме бір жылы қыс қатты болып, Тоқа азын-аулақ малының желісі мен көгенін ғана үстап қалыпты дейді. Сол жылдың жазында жайлауға көше алмай, желпініп қонарға көлік таппай, біреуден сүрауға намысы жібермей, Тоқа қыстауында отырып қалса керек. Сонда жазғы жайлауды аңсап, осынау жағдайына іштей егіле күйініп «Сарыжайлау» күйін шығарыпты.
Иә, Тоқа сияқты дарын иесінің бүл күйі, не нәрсе себеп болсын, ерекше тебіреніспен дүниеге келгені анық. Күйдің қиын қағыспен сүңқылдап қайталанып отыратын жалықтырмас ырғағы адам өміріне, келте тіршілігіне арналған. Әсіресе, өзі өмір сүрген ортаның көлденең тартқан алыс-жүлысы, қулық-сүмдығы, бақкүндес-бақастығы Тоқа жүрегін жазылмас дерттей жайлайды. Күй сарынындағы қайғылы толгамдар уақыт салған қиындықты жеңғен адамнан гөрі, сол ауыртпалықтың аққарасын айыра алмай, тығырыққа тірелген жанның күрсінісін көбірек қүлаққа қүяды. Сондықтан да Тоқа «Сарыжайлау» күйін тартқанда: «Бүл — күйшілігім тасып шығарған күй емес, зармен шығып еді», — деген сөзді жиі айтушы еді дейді көз көргендер. (Ақселеу Сейдімбек. «Күй шежіре», 309-310-6.)

16.04.2013

Понравилось?! Поделись с друзьями:
Яндекс.Метрика