Домбыраның ноталары

Сарыжайлау – Тәттімбет

Скачать ноты для домбры куй Саржайлау - автор Тәттімбет

Өмірдің және Тәттімбет шығармашылығының қысқа ғұмырнамасы.

Слушать и скачать mp3 куй Саржайлау в исполнении: Әбікен Хасенова, Секен Тұрысбекова, Құрманғазы оркестрі

1

2

3

4

Ноталары көшіру

Происхождение кюя Сарыжайлау
Бүл күйді бізге жеткізуші, орындаушы, дүлдүл күйші Әбікен Хасенов. Тәттімбет күйлері күйтабағынан алынып.
«Сарыжайлау» күйінің шығу тарихы бізге белгісіз. Бүл күй табиғат қоршаған орта көрінісінен гөрі адам өмір белестерін суреттейтін дүниетанымдық ойға қүрылған туындыға үқсайды.
Ескі қазақ үғымы бойынша адам өмірі бес кезеңнен түрады. Он үш жасқа дейін көк өрімдей жас кезі, яғни «көк» кезеңі. Он үштен жиырма беске дейін қызу қанды «қызыл» кез. Жиырма бестен отыз жетіге дейін сары мойын «сары» кез. Отыз жеті мен қырық тоғыздың арасы қарымы толған «қара» кез. Қырық тоғыз бен алпыс бірдің арасы адам ғүмырының ақылы толған «ақ» кезеңі. Алпыс жылдық бүл кезең «жар мүшел» деп аталады. Бүл жердегі жиырма бес пен отыз жеті жастың арасындағы сары мүшел адам ғүмырындағы әлеуметтік толысудың бастамасы. Ал, осы жастағы адамның өз ғүмырына көз жүгіртуі, келген қорытындылары мен пікірлері, «Сарыжайлау» күйінде көрініс тапқан, яғни күй адам өмірін ешқашан тоқтамас үлы көшке теңеп, оның жайлауға жеткен түсын дыбыс тілімен өрнектейді. Немесе таратып айтатын болсақ бүл күй азаматтың кемеліне келген шағын, ақыл тоқтатқан парасатты кезеңін кейде баяу, кейде буырқана аққан сезім толғаныстарын сипаттайды.
«Сарыжайлау» күйші шығармашылығының шыңы, халқымыздың күй өнеріндегі айшықты туындылардың бірі.

16.04.2013

Понравилось?! Поделись с друзьями:
Яндекс.Метрика