Домбыраның ноталары

Шәміл Әбілтаев

ШАМИЛЬ АБИЛЬТАЕВШәміл Әбілтаев 1948 жылы Гурьев облысының Индер ауданындағы Толыбай құмы деген жерде дүниеге келді. Домбыраны төрт жасынан бастап тартқан. Алғашқы ұстазы — әкесі Бисенғали.Шәмілдің күйшілік өнеріне сол өңірге атағы шыққан Көшалі, Қамеш, Серкебай атты күйшілер үлкен әсер етті.

Шәміл 1966 жылы Гурьев музыкалық училищесін, одан кейін Алматы консерваториясын бітірді. Консерваторияда оқып жүргенде Қали Жантілеуов пен Құбыш Мұхитовтен дәріс алды. Ол 1974 жылы Воронеж қаласында өткен халық орындаушыларының конкурсына қатысып, лауреат атанды. 1979 жылы «Жалын» баспасынын «Ұлытау» атты күй кітабы жарық көрді. Шәміл Құрманғазы, Дина, Абыл, Мәмен күйлерін шебер орындаумен қатар, өзі де ән-күй шығарумен айналысады.

Шәмілдің орындауында жинаққа Сейтектің «Заман-ай» күйі енгізілді.

«Күй қайнары», Алматы «Өнер» 1990

Понравилось?! Поделись с друзьями:
Яндекс.Метрика