Домбыраның ноталары

Шындық туралы толғау – Ділдебаев Ш.

Скачать ноты для домбры әні (ани) Шындық туралы толғау - автор Ділдебаев Ш.

Слушать и скачать Әні Шындық туралы толғау в исполнении Ерсаина Амрина

1

2

Ноталары көшіру

Текст песни ШЫНДЫҚ ТУРАЛЫ ТОЛҒАУ:

Сөйле тілім, алаңдама, тартынба,
Найзағайдай шындықты айтып жарқылда.
Қалай ғана өмір сүрдім дей алам,
Бір ауыз сөз қалмаған соң халқымда.

Әке тұрып, сөйлеп кетті ұлымыз,
Ағайыннан алыс кетті арамыз.
Үш миллион аштан өлген бабамыз.
Қалғанымыз қайда кетіп барамыз.

Қайдасыңдар, азаматым, арысым.
Қайда кеткен қасиетті намысым.
Адам түгіл шырылдаған торғай да,
Жанын пида етпеуші ме еді бала үшін.

Шұбар ала болып кетті тілдерің,
Айтатұғын келді бүгін күндерің.
Тілің кетсе күнің қоса кетерін,
Қайран елім, қалай ғана білмедің.

Сеніп өскен халық едік малына-ай.
Малын алса қайтсін халық налымай.
Америка, Түркияға, Қытайға,
Жетіскеннен шашылдық па тарыдай.

Айтатұғын келді бүгін күндерің,
Бәрін біреу береді деп жатпаңдар.
Бір қазақта аты үшке бөлінбей
Қайран елім, бірлігіңді сақтаңдар!

Шынболат Ділдебаев

23.11.2013

Понравилось?! Поделись с друзьями:

Еще произведения этого автора

Яндекс.Метрика