Домбыраның ноталары

Сылқылдақ – Тәттімбет

Скачать ноты для домбры куй Сылқылдақ - автор Тәттімбет

Өмірдің және Тәттімбет шығармашылығының қысқа ғұмырнамасы.

Слушать и скачать mp3 куй Сылқылдақ в исполнении Әбікен Хасенова

1

2

Ноталары көшіру

Происхождение кюя Сылкылдак (Сылқылдақ)
Бүл күйді орындаған және жеткізген Әбікен Хасенов. 1990 жылы жарық көрген Тәттімбет күйлері күйтабағынан алынып нотаға түсіріліп беріліп отыр.
Сылқылдақ күйінің шығу тарихына байланысты дерек А. Жүбановтың «Гасырлар пернесі» атты еңбегінде былайша баяндалады:
Қырқыншы жылдардың аяғында Тәттімбет Найманға көшіп барады. Өзінің жылқысын сол жақта қыстатып шығару ойында болады. Ол қазақта бүрыннан келе жатқан әдет. Ондайды қазақ әдетінде «жылқүда» дейді. Бірақ тек жылқысын бағып, сол үйірлердің «денсаулығын тілеп» жүретін Тәттімбет пе? Ол жылқылары жер танып алғасын сол араның той-томалағы, сауық-сайраны болса, бәрінен де қалмайды. Дарынды ақын, күйші, әнші жігіт — найман ішінде де аса қадірлі болады. Тәттімбеттің талантын таныған айнала, енді қандай ойын-той болса да, оны қалдырмайды, шақырып отырады.
Осындай сапарында Тәттімбет еркекшора киінген бір қызбен кездеседі. Киімі еркекке үқсағанымен қыздың көркі бірден күйшіні тартады. Бірақ қыздың айналасындағылар Тәттімбетке қалжыңдап: «Жігітім байқа, ол қыз алса да, шалса да жығады, ақылы да, өнері де, күші де біріне бірі. сай» — дейді. Шынында да қыз әрі әнші, әрі домбырашы, шешен, алыса кетсе күші бар, сегіз қырлының өзі болады. Бүкіл найман болып сол қыздың өнеріне мақтанады, аспанға көтереді. Қыздың күй репертуары да айта қалғандай болады. Есіткен адамдар көрінген домбырашы ондай көп күй тарта алмайтынын сезеді. Әсіресе күйдің мазмүнын айтқанда да қыз жай проза ре.тінде емес, өлеңдетіп төкпе жырмен айтады.
Осы қызбен Тәттімбет домбыра жарысына түседі. Өзі ерке болғансын үнемі шашын төбесіне түйіп тастап, басына еркектің бас киімін киіп, беліне еркекше белбеу байлап жүргенге ме, жүрт ол қызды «еркекшора» атайды. Бірақ сырттай олай болғанымен қыздың жаны нәзік болады. Көркемдікке қосылған күш, оның түла бойындағы қасиетін көбейткені болмаса, әйелге тән жылылықтың бәрі де болады. Тәттімбет екеуі көптеген күйлерді кезектесіп тартады. Ӏшінен қыз мүндай жылқышыларға жеңдірмеймін ғой деген сезімде болады. Сондықтан баста Тәттімбет үйге кіргенде де, қаншама ол керіліп- созылғанымен қызға ешбір ондай паңдықтың әсері болмайды. Халықтың өз сөзімен айтқанда ол «айылын да жимайды». Әрине, қазақтың ежелден келе жатқан әдепғүрпы бойынша қыз қонақты жақсы қарсы алады. Сыйдың айғағы есебінде, өзін қанша биік үстаса да, шайды да өзі қүяды. Қыздың бүндай сыпайылығын Тәттімбет те бағалайды. Шайдан кейін ол жайлап домбырасын сүрайды. Бірақ қыз аз ғана жымияды да, домбыраны қонақтың қолына бірден бере салмай, әуелі өзі бір күй тартады. Тек содан кейін ғана ол Тәттімбетке домбырасын үсынады. Оның бәрі де «Сен Арғыннан асқан, атың жайылған белгілі күйші болсаң да, қорқарым жоқ» — дегені еді. Ол кездің дәстүрі бойынша қыз енді өзінің қарабасының ғана ары емес, аты найманның арын арлауға" кетеді. Айналада да осы кезде жиналған халық та «бүлар қашан бастайды шын тартысты» дегендей күтіп отыр- ды. Екі өнерпаз да басында тым жиілетпей, аптықпай, кезек-кезек күй тартысты. Бірақ бес-алты күйден кейін олар шын мәнінде таласқа кетті. Бірінің қолынан бірі домбыраны жүлып алғандай болып, күй соңынан күйді тізбек- тетеді.
Тәттімбет қырық күй тартқан кезде қыз отыз тоғызбен тоқтайды. Сонымен қыз жеңілген болып есептеледі. Халыққа белгілі
Айтушылар Тәттімбеттің қырқыншы тартқан күйі «Сылқылдақ» екен деседі. Тәттімбет бүл күйді сол өзімен тартысқан, найманға аты шыққан өнерпаз қызға бағыштаса керек.
«Сылқылдақ» күйі күйші шығармашылығын- дағы ең көрнекті, айшықты туындылардың бірі. Күй жастық шақтың жарқын көріністерін айқын бейнелейтін шаттық сезімге толы шығарма.

16.04.2013

Понравилось?! Поделись с друзьями:
Яндекс.Метрика