Домбыраның ноталары

Төрт толғау (Арнау) – Тоқа

Скачать ноты для домбры куй (күй) Төрт толғау (Арнау) - автор Тоқа

Өмірдің және Тоқа шығармашылығының қысқа ғұмырнамасы.

Бүл төрт күйден қүрылған циклды шығар- маларды бізге жеткізуші Мүхамеджан Тілеу­ханов. «Мәңгілік сарын» күйлер антологиясы­нан алынып, нотаға түсіріліп беріліп отыр.

1

2

Ноталары көшіру

Происхождение кюя Төрт толғау
Осы уақытқа дейін бүл күйлердің шығу тарихы жө­нінде екі түрлі әңгіме айтылып жүр.
1. Қазақ музыкасы фольклоры кітабында.
2. Тоқаның қартайған шағында ел-жүртқа қа- дірлі болып танылған Жалмағамбет дейтін үл­кен үлы 46 жасында (1912) дүние салыпты. Сол жылдың қары қалың түсіп, көктемде Жалма- ғамбеттің бейіті су астында қалса керек. Бүған Тоқаң қатты күйініп, үлының сүйегін қайтадан дөңес жерге қоюды ниет етсе, ауылдың молдасымақ діндар адамдары: «Жаназа шығарарда „Аманат!" деп жерленбеген мүсылман баласы- ның мүрдесін қазу күпірлік, кітап сөзінде орны- нан қозғалған пенде о дүниеде бейіштің қара- сын көре алмақ емес», — деп наразылық біл- діріпті. Сонда Тоқаң: «Сол кітабыңда өлген адамды суға ағызып жібер деген жазу барма екен, соны тауып берші, мен-ақ райдан қайтайын. Ал, бейіш дегенің шынымен бар болса, оған Жалмағамбеттей жампозым кірмегенде, сиыр қамар деймісің», — деп жауап берген екен дейді.
Тоқаның әйгілі «Төрт толғау» дейтін күйі осы бір қасірет шектірген оқиғаға орай шыққан. Жай шықпаган, көкірекке кептелген шер тар- қамай, қайта-қайта толқып лықсып, төрт күй болып шыққан. Ер жетіп, елге қадірлі болған баласының өлімі — бір қайғы, төңірегіндегі күй- реп қалған ет жақындарының қасірет шегуі — екінші қайғы, күтпеген жерден Жалмағамбеттің дене топырағының суға қарық болуы - үшінші қайғы, осынау жағдайда неше түрлі қаңқу сөзді қоздырып, әйкәпір атандырмақ болған дүмше молдасымақтардың әрекеті — төртінші қасі­рет... Қысқасы, әрбір күйзеліс сәтінде Тоқа домбырасына ғана мүңын шағып, домбырадан ғана күйзелген жанына жәрдем тілеп, «Төрт толғау» атты тізбекті күйін дүниеге әкелген. Бүл күй өз ішінде «Естірту», «Арнау», «Ана жүрегі», «Неме­ре зары» деген бөлек-бөлек атауларымен белгілі.
Осы жолы қожа-молданың қарсылық жаса- ғанына қарамай, Тоқа Жалмағамбеттің сүйегін дөңес жерге қайта жерлеткен. Өзінің жанын түсінетін ел азаматтарына арқа сүйеп, соларға жүрек азабын шағым еткендей, сауға сүрағандай: «Дүниенің түтқасы „Аманат" деген жалғыз ауыз сөзде түрса, қылша мойным талша, көтердім бәрін де. Болмаса көктем шыққан сайын баламның су астында қалғанын көріп, пенде бо­лып отырмайақ қояйын... Уа, ағайын, Жалма- ғамбетімнің басына барыңдар... жерді жырып су ағызыңдар... бесікшесін қайта ашыңдар... өлгеніне көнгенде, өзгесіне көнбейтін несі қалды, егер Жалмағамбетімнің денесі бүзылмаса, маған сүйінші сүрап хабар беріңдер!» — деген екен.
Қыста жерленген мәйіт бүзылмайды ғой, үйықтағандай болып жатқан Жалмағамбетті Тоқа мен бәйбішесі Көрік келіп көреді. Сол жерде Көрік дауыс салып, былай деп жоқтау айтыпты дейді:
Айналайын қүдай-ау! Қапалық салдың басыма, Толтырып көзді жасыма, Боздағымнан айырып, Қабырғамды майырып, Қамалдым қайғы қосына, Көресім менің осыма! Қара бір таудың алқымы-ай, Болғанда қаңтар салқыны-ай, Жаннатқа жаның қонсын деп, Жатағың жайлы болсын деп, Жауып ед торқа топырақ, Жылаулы болған халқыңай! Қүданың ісі жөн болар, Жылаусыз күнім кем болар, Наурыздың туған айында Сел ағып саласайында, Жамбасыңа су тисе, Көкірегіме шер толар! Бүл істі салса Қүдайым, Ақсарбас тағы сояйын, Көзімді жаспен ояйын, Ағарған шашты жаяйын, Торқа деп қойған жеріңнің, Топан су алса маңайын Қалайда ғана шыдайын!
Осы жоқтау өзінің ерекше сазды, мүңды сарынымен күні бүгінге дейін ел арасында айтылады. Көз көрген қарттардың айтуында, Тоқа­ның ақындық шалымы да ешкімнен кем болмаған. Жаңағы жоқтау мен оның мүңды сарыны бәйбішесіне Тоқаның өзі шығарып беріп еді де­ген сөз бар.
«Төрт толғау» күйінің соңғы «Немере зары» деген бөлігі Тоқаның немересі, Жалмағамбеттің баласы Хамитқа қатысты. Сол кезде Хамиттің есі кіріп қалған кезі екен, әкесінің суық тәнін мүрдеден шығарып, қайта жерлерде «көкелеп!» өліктің үстіне қүлап, үлкен кісінің сай-сүйегін сырқыратып еді дейді. Бүған Тоқа да бейтарап қарап қалмай, кейін «Немере зары» деп атап күй толғаған.
(Ақселеу Сейдімбек. «Күй шежіре», 310- 312-бет).

11.09.2013

Понравилось?! Поделись с друзьями:
Яндекс.Метрика