Домбыраның ноталары

Қали Жантілеуов

КАЛИ ЖАНТЛЕУОВҚали Жантілеуов — ұлы домбырашылардың соңғы буыны. Ол 1902 жылы Орал облысының Жаңакала ауданындағы Қамыссамар аулында туды. 5 жасынан бастап домбыраға әуес болды. Алғашқы ұстазы — Төлеш күйші. Нұртазы, Мәмен, Тоғайбай, Жұматай атты күйшілерден шеберлігін ұштады. Күй тартумен қатар Қали ән де сальш, әнші бала атанды.

1934 жьиы Қали халық өнерпаздарының бірінші слетіне қатысып, халық аспаптары оркестрінің құрамына қабылданды. Ол 1944 жылы Алматыда консерватория ашылғанда, оның халық аспаптары факультетінде алғашқы ұстаздық етушілердің бірі болды. 1942 жылы Қалиға республиканың еңбек сіңірген артисі, 1954 жышы Қазақ ССРінің халық артисі деген құрметті атақ берілді. Қали әлі де домбырасын қолынан тастамайды.

Жинаққа Қалидың орындауынан Құрманғазының «Адай», Дәулеткерейдің «Жігер», Мәменнің «Он жетінші жыл», «Ақшолпан» күйлері енгізілді.

А. Райымбергенов, С. Аманова «Күй қайнары», Алматы «Өнер» 1990

Понравилось?! Поделись с друзьями:
Яндекс.Метрика