Домбыраның ноталары

Жаппас Қаламбаев

ЖАППАС КАЛАМБАЕВЖаппас Қаламбаев 1909 жылы қазіргі Шымкент облысының Созақ ауданында туды. 7—8 жасынан бастап әкесі Қасымбектен домбыра тартуды үйренді. Домбырамен қатар Жаппас қобызға да ынтық болып, оны да меңгерді. Осы өңірде тұратын белгілі күйші-композитор Сүгір Қорқыт пен Ықыластың күйлерін домбырада өте шебер орындайтын. Жаппас Сүгірден үйренген күйлерін қайтадан қобызға салып тартады.

Жаппас 1934 жылы Алматыда өткен өнерпаздардың республикалық бірінші слетіне қатысып, өз өнерін көпшілікке танытты. Слеттен кейін жаңадан ұйымдастырылып жатқан қазақтың халық аспаптары оркестріне шақырылып, осы оркестрде 30 жылдай қызмет істеді. Жаппастың архивінде Қазанғап, Сейтек, Дина, Сүгір, т. б. композиторлар күйлерінің ноталық жазбалары сақталған. Ол домбыра және қобыз күйлерінің оркестрге лайықталған үлгілерін жасауға көп үлес қосты.

Музыка мәдениетінің даМуына қосқан үлесі үшін Жаппас Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері деген кұрметті атаққа ие болды. Ол 1970 жылы қайтыс болды.

Жинаққа Жаппастың орындауында «Мұңлық — Зарлық» атты халық күйі енгізілді.

А. Райымбергенов, С. Аманова «Күй қайнары», Алматы «Өнер» 1990

Понравилось?! Поделись с друзьями:
Яндекс.Метрика